Интеллектум

Интеллектум үйірмесі


Мақсаты: Интеллектуалды ақыл-ойды дамытуға арналған ойындар жүйесін қолдана отырып, балалардың жан-жақты дамуына жағдай жасау.

1. Ойын барысында баланың өмір сүруін жеңілдететін негізгі дағдылар қалыптастыру. 

2. Балаға өзін-өзі тану арқылы өз ойын жүзеге асыруды, жоспарлауды, өлшеуді және аналитикалық пайымдауды үйрету.

3. Қарапайым өмірге қажетті қабілеттерді бойға сіңіруге бағыттау.

4. Баланың ойлау жүйесін дамыту арқылы жан-жақты тұлға болып қалыптасуына ықпал ету.

 

Күтілетін нәтижелер:

Визуалды қабылдау. Түс, пішін, мөлшер, бағыт ұғымдарын қабылдау, кіші-үлкен, алыс-жақын, аз-көп, бөлшектер арасына пішін құрастыру, ортақ бөліктерді көру, 3D мөлшерлі пішіндерді ажырату, фигуралармен жұмыс жасай білу. Фигураның айналмалы симметриясын қабылдау.

Анализ жасау. Пішіндер арасында байланыс құру, нұсқаулықтарды қабылдау, шешім қабылдау, сәйкестендіру, түрлі түстерді табу, ұқсастықтарына қарай байланыс құру, ретімен орнату, жетіспейтін бөлшекті табу, түстерді бір-бірінен ажырату.

Ойлау дағдылары. Фигуралар арасында байланыс құру, нұсқаулықтарды қабылдау, шешім қабылдау, сәйкестендіру, өзгеше түстерді табу, пішіннің жермен қатынас құруы, кезектестіру, бөлшек санын табу, түстерді ажырату, себеп-нәтиже байланысын құру.

Стратегия. Сенімділік дәрежесі өзгерген жағдайда басқа да шешімдерді қарастыру, шешімге келерде оймен жол картасын жасау, басқа тұрғыдан қарай алу, өзіне арнаулы ойын стилін құра алу, болып жатқан жағдайды түсіндіру, көп таңдау ішінен шешім қабылдай білу, ең жақсы жолдың қайсысы екеніне нақты шешім қабылдау.

Психомоторика. Қалаған фигураларға тән сызықтар сыза алу, бояу, кесіп жабыстыра алу, фигураларды құрастыра алу.

Сана. Дүниетаным, салыстыру, қабылдау дағдылары. Уақыт пен кеңістікті қабылдай білу, өзін және қабілеттерін қабылдау.

Математика. Географиялық фигураларды тану, ажырату, сызу. Сандарды тану, ритмикалық санау және кезектестендіру. Заттардың сандарын көрсету, табу. Байланыс құру, байланысты байқау, ажырату. Симметриялық тұрпатын байқау, берілген фигураның симметриясын жасау.

Креативті ойлау. Қиялдай алу, қиялындағыларды деректендіруде пішіндерді салу арқылы көрсете білу. Берілген нұсқаулықтарға қарап жаңа мысалдар жасай алу. Өзіне тән пішіндер жасау, берілгендерден басқа да үлгілерді құрастыру.

 

Ойындар балалардың жас ерекшелігіне сай координация, психомоторлық, әлеуметтік қабілеттерін жан-жақты жетілдіретініне қарай іріктеледі.

Ойындар мазмұны тапсырмаларды жасап көру-қателесу арқылы мәселені шешудің әдіс-тәсілдерін жетілдіріп, өмірлік дағдыларды меңгеруге үлкен үлес қосады. Әсіресе, топ ішіндегі балалар өзін басқалармен салыстыру арқылы өз қабілетіндегі кемшілік тұстарын байқайды. Бұл ойындар білім берудегі негізгі мақсаттың бірі – рухани дүниені тәрбиелеуге үлкен септігін тигізеді.