Оқушыларға

Оқушыларға арналған мектеп-лицейдің

ішкі тәртіп ережесі

І. Жалпы ережелер

    Осы ережелер оқушылардың лицей ғимаратында және аумағында мінез-құлық нормаларын бекітеді. Ереже мақсаты - оқу-тәрбие үрдісін табысты жүргізуге ықпал ететін, тұлғаның және оның құқығын сыйлауды қалыптастыратын қарым-қатынас мәдениетін дамытуға ықпал ететін қалыпты жұмыс жағдайын қалыптастыру.

 1.Жалпы мінез-құлық ережелері

 Оқушы лицейге таза және ұқыпты киініп, сабақ басталардан бұрын 10-15 минут ерте келеді.  Лицейге келген оқушы сыпайылық ережесін сақтауы тиіс. 

Лицей ғимаратына немесе лицей аумағына кез келген мақсатпен суық қару, жарылғыш және адам ағзасына зияны бар қауіпті заттар, үшкір, кескіш-тескіш заттар, спиртті ішімдіктер, есірткі және басқа да ақыл-естен айыратын улы, газды баллондар әкелуге тыйым салынады. 

Лицей қабырғасынан сабақ уақытында сынып жетекшінің рұқсатынсыз кетуге болмайды. Сабақтан қалған оқушы сынып жетекшіге дәрігердің анықтамасы немесе сабақтан қалу себебін түсіндіретін басқа құжат алып келуі тиіс. Сабақтан себепсіз қалуға қатаң тыйым салынады. 

лицей оқушылары оқу процесі кезінде мектеп ауласынан шығуға болмайды.

Мектепке аса бағалы киім киіп келуге болмайды.

Мектепке алтын әшекейлік бұйымдар (сырға, жүзік, алқа) тағып келуге болмайды.

Мектепке қымбат  ұялы телефон әкелуге болмайды.

Мектеп ішінде бас киіммен жүруге болмайды, мектепте хиджаб киюге болмайды.

Лицей қабырғасынан сабақ уақытында гимназия әкімшілігінің рұқсатынсыз кетуге болмайды. 

Оқушыларға білім беру орындарында тұтынуға тыйым салынған азық–түліктерді дүкендерден сатып алып гимназияға әкелуге, тұтынуға болмайды.

Лицей оқушысы сабаққа келгенде қажетті оқу құралдарын, кітап, дәптер, күнделігін алып келеді. Оқушы сабаққа үй тапсырмасын орындап, сабақ кестесі бойынша барлық оқулықтарын алып келеді. Лицей оқушысы оқулықтың толық сақталуы үшін жеке жауапкершілік  алады. 

Лицей оқушысы үлкендерді сыйлайды, кішілерді қамқорлыққа алады. Оқушылар мен ұстаздар бір-біріне сыйластықпен қарым-қатынас жасауы тиіс. Лицей оқушылары үлкендерге, жоғары буын оқушылары  кіші буын оқушыларына, ұлдар қыздарға  жол беруі тиіс. 

Кез келген лицейден  тыс жерде лицей оқушылары өздерінің тәрбиелі мінез-құлқымен ерекшеленуі тиіс. 

Оқушылар лицей мүлкін ұқыпты ұстауға, сақтауға, бүлдірмеуге және бұзылған жағдайда жөндеуге мүмкіндігінше көмек беруге міндетті.  

 ІІ. Сабақ үстіндегі тәртіп ережесі

 2.1. Мұғалім сыныпқа кірген кезде оқушылар орындарынан тұру арқылы сәлемдеседі және мұғалімнің рұқсатымен орындарына отырады. Осылайша оқушылар сыныпқа кірген кез келген үлкен адамды тұрып қарсы алады.

2.2. Әр пән мұғалімі өз пәні бойынша арнайы ережелерді анықтайды. Ол ережелер Қазақстан Республикасының Заңдарына, нормативті құжаттарға және лицей ережесіне қарсы келмеуі тиіс. Осы ережелерді әр оқушы ұстануға міндетті.

2.3.Сабақ барысында шулауға, басқа нәрселермен айналысуға, басқа оқушыларды бос сөзбен, ойынмен, сабаққа қатысы жоқ істермен көңілін бұзуға тыйым салынады. Сабақ уақыты оқу мақсатында қолданылуы тиіс. Мұғалімнің (сынып жетекшінің) талап етуі бойынша оқушы күнделігін тез арада көрсетуі тиіс. Күнделік таза және ұқыпты жүргізілуі тиіс. Әрбір оқу аптасының аяғында күнделікке ата-ана қол қоюы керек.

2.4.Егер сабақ кезінде оқушыға сыртқа шығу керек болса, ол қолын көтеріп мұғалімнен рұқсат алады.

2.5.Мектеп қабырғасына қымбат бағалы телефон (айфон, смартфон) телефондарын алып келмеуі тиіс, сабақтан шыққаннан кейін ата-аналарымен хабарласуы үшін жай байланыс үшін арналған телефон алып келуге рұқсат етіледі. Сабақ уақытында ұялы телефонды өшіріп қою керек.

2.6.Егер оқушы мұғалімге сұрақ қойғысы немесе мұғалімнің сұрағына жауап бергісі келсе ол қолын көтереді. Сабақ соңында берілетін қоңырау мұғалімге арналып беріледі. Мұғалім сабақтың аяқталғанын жариялаған соң ғана оқушылар сыныптан шыға алады. Сыныптан мұғалім немесе басқа да үлкен адам шыққанда оқушылар орнынан тұрады.

 ІІІ.Сабақ басталар алдындағы, үзілістегі және сабақ соңындағы ережелер

 3.1.Сабақ басталар алдында: 

алғашқы қоңырау соғылғанға дейін кабинетке келу; алғашқы қоңыраудан соң мұғалімнің рұқсатымен сыныпқа кіріп, сабаққа дайындалу.

3.2.Үзіліс кезінде оқушылар міндетті: 

өз жұмыс орнында тазалық пен тәртіп сақтауға; сыныптан шығуға; дәлізде және баспалдақ та оң жақпен жүру; гимназия қызметкерлерінің, кезекші оқушылардың, мұғалімдердің талаптарына бағыну; мұғалімнің сұранысы бойынша сыныпты келесі сабаққа дайындау; сабаққа кешіккен жағдайда есікті қағып, кірген соң мұғаліммен амандасып, кешіккені үшін кешірім сұрап, орнына отыруға рұқсат сұрауы керек. 

3.3.Үзіліс кезінде оқушыларға тыйым салынады: 

Дәлізде, терезенің жанында және ойынға арналмаған басқа жерлерде жүгіруге; бірін - бірі итеруге, заттарды лақтыруға және кез-келген мәселені шешу үшін күш көрсетуге; басқа адамның абыройы мен дәрежесін түсіретін сөздерді қолдануға, шулауға, басқаларға демалуға кедергі жасауға; лицей  территориясынан кетуге, ғимарат ішінде, ауласында темекі шегуге болмайды.

3.4.Сабақтан соң:  

Ұқыпты киініп, сыйластық ережесін сақтай отырып, гимназия ғимаратынан кеткен соң лицей территориясында топталып тұруға қатаң тыйым салынады. 

3.5.Сыныптың кезекшісі:

Үзіліс кезінде сыныптан кетпейді; сыныптағы тәртіпті сақтайды, бөлмені желдетеді; мұғалімге кабинетті келесі сабаққа дайындауға; тазалықты сақтап, қажетті санитарлық жағдайларды сақтайды.

3.6. Оқушылар асханада болғанда:

Мұғалім мен асхана қызметкерлерінің талаптарына бағынады; тамақ алу кезінде  кезек күтеді; ыстық, сұйық  тамақты алу және ішу кезінде сақ болу; асханадан алған тамақты тек асханада ішу; тамақ ішіп болған соң, ыдыстарды жинап кету. Балаларға білім беру орталығында тыйым салынатын, сатуға тыйым салынған жерлерден сатып алынған азық–түліктерді лицейге әкелуге, қолдануға болмайды.

 4.Қорытынды жағдайлар

 Лицей оқушыларына сабақтан себепсіз қалуына болмайды.

Оқушылар лицей қабырғасында жүргенде, мектепішілік іс-шаралар барысында өзіне және басқалардың өміріне қауіпті әрекеттер жасамауы тиіс;

Оқушылар сабақ біткен соң, сабақтан тыс іс-шаралар барысында мұғалімнің рұқсатынсыз лицей ғимаратына кіруге рұқсат етілмейді;

Осы ереже лицей  территориясы мен лицей әкімшілігі мен мұғалімдері өткізген іс – шараларға қатысты.  

Осы ережені бұзған жағдайда оқушылар лицейінің ішкі тәртіп ережесіне сәйкес тәртібі Лицей тәртіп кеңесінің талқысына салынады, ата-анасы шақырылып тәртіптік шара қолданылады.