Тхэквондо

       Тхэквондо үйірмесінде спортшының аяғы мен қолы қатар жұмыс істейді, атауы да соған орай қойылған: «тхэ» - аяқ, «квон» - жұдырық (қол), «до» - өнер дегенді білдіреді. Тхэквондо үйірмесінің мақсаты – жарыс ережесіне сай келетін әдістерді пайдалана отырып жеңіске жету. Таэквондошы әрқашан өз-өзіне сенімді, салқынқанды, сабырлы, не нәрсе жасаса да, ойланып барып орындайтын адам болуы керек. Бойынан осындай қасиеттер табылатын оқушылар "Динамо" спорт қоғамынан 8-9 жас аралығындағы жас спортшылармен өткізілген облыстық ашық турнирге мектеп-лицей оқушылары қатысып жүлделі орындарға ие болды. Жалпы үйірмеге 65 оқушы қатысады.Сәуір айының екінші жұлдызында 2-4  сынып оқушылары  арасында «Жеңісті күшпен еңсер!» жарысы өткізілді.