Жаңалықтар

  • 🔰Ең алғаш Түркияда бастауыш сынып оқушылары үшін дайындалған бұл жүйе баланы арнайы дайындалған көпмақсатты ойыншықтарды сан түрлі жолдармен ойната отырып дамытуды көздейді.✅

    🔰Оқушылардың балалардың танымдық іс-әрекетін, ойлау қабілетін, ой белсенділігін, көру-есту арқылы қабылдау қабілетін дамытатын оқу жүйесі.
    🔰Интеллектум ойындары арқылы баланың бірте-бірте жеке тұлғаға сай қабілеттері қалыптасады. Балалардың алдымен ұғу қабілеті, ары қарай заттарды топтастыру, бөлу, көру арқылы түйсіну сана-сезімдері жетіледі.

    🔰Интеллектум ойыншықтарының тағы бір ерекшелігі онымен балалар арнайы мекемеде маманның бақылауында ғана ойнап қоймай, үй жағдайында да қызыға ойнауына болады.


  • 🔰1-11 сынып оқушыларына қосымша білім беру жүйесі жүргізіледі.
    🔰Интеллектум, ағылшын алаңы, футбол, волейбол, тхэквондо, шахмат, домбыра, би, вокал, кескіндеме үйірмелері жұмыс жасайды.

  • Алғашқы қоңырау

    Қымбатты ұстаздар, шәкірттер, ата-аналар! Сіздерді "Білім күнімен" және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз! 1 қыркүйек - әр адамның жүрегінде жақсы әсер қалдыратын, жылы сезімдерге толы ерекше күн. Әр адам үшін жаңа білім күні - терең білім, тың табыс, биік жетістіктерге жету бастамасы. Бастаған жаңа ізденістеріңіз сәтті болсын!
    Мектеп-лицейде 1 қыркүйек - Білім күніне орай салтанатты жиын және "Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм" тақырыбында білім сағаттары өтті.