Жаңалықтар

"Сыңғырла соңғы қоңырау!" атты салтанатты жиыны.

 Биылғы оқу жылында 832 оқушы сыныптан сыныпқа көшіріліп, 9-сыныпты аяқтаған 33 оқушы мемлекеттік емтиханға жіберілді. 

Биылғы оқу жылында мектеп оқушылары мен ұстаздары түрлі деңгейдегі білім бәсекесіне қатысып, жақсы жетістіктерге жетті. 

Атап айтсақ қалалық байқауларға -9, облыстық байқауларға-12, республикалық спорт және өнер жарыстарына-9, қашықтықтан өткізілген интеллектуалды байқауларға-62 жүлделі орындар еншімізде. Барша білім алушыларды 2021-2022 оқу жылының аяқталуымен құттықтаймыз!


24-мамыр 2021-2022 оқу жылын табысты аяқтаған оқу үздіктерін марапаттау рәсімі өтті. Мектеп-лицейді аяқтаған 865 оқушының 158-і оқу үздігі. 308-і оқу екпіндісі.

Оқу жылында жетістікке жеткен білім алушыларды құттықтаймыз!



«Ұранды елдің ұрпағы қайсар!» тақырыбында 5-9 сыныптар арасында біріңғай жалпы тәрбие сағаттары өткізілді.

9-мамыр жеңіс күніне орай 5 «а» және 5 «ә» сынып оқушылары «Ежелгі Тараз» өлкетану мұражайына экскурсиялық саяхат жасады. Үш павильоннан тұратын мұражайда ежелгі дүниеден бастап, қазіргі заманға дейінгі хронологиялық реттілікпен орналасқан заттарын,  Ұмай ана және ежелгі адамдардың балбал тастағы мүсіндерін тамашалады. Жалпы, тарихқа толы мұражайды аралап, біраз дүниені өз көзімен көріп , тарих қойнауында қалған алыс жылдарға, ғасырларға жақындағандай әсер алды.

6 «а» және 7 «а» сынып оқушылары антикинотеатр орталығына барып «Майдангерлер» фильмін тамашалады. Мұндай фильмдер оқушылардың тарихи санасын оятуға, олардың рухын көтеруге, септігін тигізіп, ұлы жеңісті қадірлеуге, келер ұрпаққа аман-есен табыстауға жетелейді.

6 «ә» және 8 «а» сынып оқушылары «Жеңіс» саябағына барып, ұрыс даласындағы боздақтарды бір сәт еске алып, ерліктеріне тағзым етілді. Бұл іс-шара өскелең ұрпақтың санасына отансүйгіштік рухты қалыптастыру жолында маңызы зор.

7 «ә»,9 «а» сынып оқушылары «Ежелгі Тараз» тарихи-өлкетану мұражайына  саяхат жасады. Оқушылар өлкеміздің бай табиғи мұрасымен қатар, 65 мыңнан астам түрлі қазба байлықтары, тарихи бұйымдарымен, археологиялық қазбалар кезінде табылған бірегей жәдігерлерімен танысып,  өлке тарихы және даңқты тұлғалары жайлы мол мағлұмат алды.

Әрбір азаматқа – отанның бір бөлшегі, махаббат, құрмет, береке, сүйіспеншілік, тәрбиемен өнегенің бастауы екендігін ұғындыру және өскелең ұрпақты патриотизм рухында тәрбиелеу, азаматтық сана – сезімін қалыптастыру мақсатында «Дарын» спортық-шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында «Мәңгі өшпес ұлы жеңіс!» атты патриоттық әндер байқауы өткізілді.Байқауда жалпы 13 оқушы өз бақтарын сынады. 

🔰Қатысушылардың орындаушылық шеберлігі, әннің тақырыпқа сай болуы, әнді жанды дауыспен орындауы, сахна мәдениеті мен киім үлгісі, ән айту мәнері мен дауыс ырғағы жоғары деңгейде болуын бағалауға Кенен Әзербаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының оркестрі, әнші Мадина Сағынбекова және «Қазақ-түрік» лицейінің музыка пәні мұғалімі  Ғалымжан Аликулов әділ қазылық етті.

🏆Байқау нәтижесінде

 7-9 жас аралығындағы оқушылар арасыннан бас жүлде жеңімпазы болып Қылыш Алинұр алға шықты. Ал, Орынбасар Аяру 1 орынды иеленсе, 2 орын иегері Қайрат Жеңісхан атанды. Әбзелбек Жания 3 орынды иеленді. 

10-13 жас аралығындағы оқушылар арасынан бас жүлде жеңімпазына Әмірқожа Адина лайықты деп танылды. 1 орын жеңімпазы болып Рашидқызы Фатима атанды. Ал, Қозайыр Ақерке 2 орынды иеленсе, 3 орынды Әшірбай Аружан иеленді.Осы тұста «Көрермен көзайымы» номинациясына Тұрабай Алимұса лайықты деп танылса, «Үздік сахна киім үлгісі» номинациясына Бахытов Бауыржан ие болды.

🏆Жеңімпаздарға дипломдар мен алғыс хаттар табысталды.Барша жеңімпаздарды құттықтаймыз!

🔰Жетекшісі: Әуесбек Ықылас Қамарұлы



Сәуір айының 30 күні Келешек-Тараз ғылыми интеллектуалдық мектеп-лицейінің базасындағы «Дарын» спортық-шығармашылық орталығы үйірмелерінің «Өнерлінің өрісі кең» атты есеп беру концерті өтті.

🔰Мектеп-лицейде үйірме жетекшілерінің жыл сайын ата-аналар мен ұстаздар алдында есеп беруі дәстүрге айналған.

🔰Бүгінгі Ықылас Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде өткізілген "Өнерлінің өрісі кең!" атты шығармашылық концертте вокал, хореография, домбыра үйірмелері өз өнерлерін ортаға салса, кескіндеме үйірмесі арнайы жабдықталған көрмесімен ерекшеленді. Сонымен қатар көрермендер "Интеллектум" үйірмесінің сан алуан ойын түрлерімен танысып, бой сергітті. 

🔰Іс-шара "Дарын" спорттық-шығармашылық орталығының директоры Жасұзақ Орынбасарұлы мен мектеп-лицей директоры Жазира Есимханқызының құттықтауымен басталды.

🔰 Алғашқы болып хореография үйірмесі оқушыларынан құралған "Шашу" би тобы өнер көрсетті. Хореография үйірмесінің оқушылары "Қазақ" биі, "Заманауи" және "Лезгинка" биі,"Үнді" және " Өзбек" биімен талайды тәнті етті. 

🔰Домбыра үйірмесінің өнерпаздары "Келешек" домбырашылар ансамблі "Кеңес", "Келіншек", "Жастар биі", "Балбырауын" күйлерін тарту етті. 

🔰Таеквондо үйірмесінің оқушылары демонстарциялық әдіс-тәсілдерін ұсынды.

🔰Вокал үйірмесінің оқушылары Әмірқожа Адинаның орындауында «Қазақ елі», Әшірбай Аружан мен Нұрлан Айшаның орындауында «Алғыс» әні, Орынбасар Кәусар мен Белгібай Мерей, Рашидқызы Фатиманың орындауында "Балдәурен" , "Бір үйдің баласындай" әндері, Тұрабай Әлимұсаның орындауында "Анашым", Қайрат Жеңісханның орындауында "Мен қазақпын" және Орынбасар Айарудың орындауында "Мен қазақтың қызымын" әндері шырқалды.















 

«Дарын» спорттық-шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен Қайрат Рысқұлбеков атындағы саябақтың футбол алаңында 4-6 сынып оқушылары арасында «Алтын доп» турнирі  өткізілді.✅

☀️ Мектеп оқушыларының денсаулығын нығайту және өскелең ұрпақты отан сүйгіштік рухта тәрбиелеу, жарысқа қатысушылардың спорттық шеберлігін көтеру және салауатты өмір салтын қалыптастыру, мектепішілік спортты кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған жарысқа «Сұңқар» жеке меншік футбол клубының, №8 Балалар жасөспірімдер спорт мектебінің және «Дарын» спорттық-шығармашылық орталығының оқушылары белсене қатысты. Тартысты өткен жарыста бірінші орын жеңімпазы болып №8 Балалар жасөспірімдер спорт мектебінің «Байзақ» командасы атанды. Екінші орынды «Сұңқар» жеке меншік футбол клубының «Сұңқар №2» командасы иеленді. Үшінші орынды «Сұңқар №1» командасы иеленді. Жарыста ерекше ойын көрсеткен командалардың оқушыларына жекелей номинациялар берілді. Соның ішінде «Байзақ» командасының оқушысы Омарәлі Нұр «Үздік шабуылшы» номинациясымен марапатталды. «Сұңқар» жеке меншік футбол клубының оқушысы Сексен Ернар «Үздік қорғаушы», Асыл Руслан "Үздік қақпашы" номинациясымен марапатталды.





"Дарын" спорттық-шығармашылық орталығы 7-сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күніне орай ,"Келешек-Тараз" ғылыми интеллектуалдық мектеп-лицейінің базасында таеквондодан 1 - 4 сынып оқушылары арасында «Жеңісті күшпен еңсер!» сайысы өтті. Сайысқа барлығы 32 оқушы қатысып, өз бақтарын сынады.

Сайыс нәтижесінде 

1 сынып оқушылары арасында 1 орын жеңімпазы болып Өмірзақ Бағдаулет пен Әмірбек Рүстем алға шықты. Ал, 2 орын жүлдегері болып Онланбек Алинұр мен Мұхтазар Ернұр атанса, 3 орын жүлдесіне Пәрінбек Нұрали, Каримолла Жәнібек, Чайка Данир, Сейітқасым Нұрдаулет ие болды. 

2 сынып оқушылары арасында 

1 орын жеңімпазы Тұрабай Алимұса мен Сейітхан Нұрсәт атанды. Усупбаев Ильяс пен Шымырбай Диас  2 орынды иеленді. Ал, 3 орын жүлдегері болып  Шакирт Нұрислам, Өмірзақ Нұрдаулет, Абирбек Арсен, Сапархан Дамир атанды.

3-4 сыныптар арасында оза шығып Амангельді Нұрислам мен Қанатұлы Алихан 1 орын жеңімпазы атанды. 2 орын жүлдегері болып Қайрат Жеңісхан мен Мұхамбетқұл Мұхаммед-Али атанды.  Ал, 3 орын жүлдесін Ағабек Али, Бахытов Бауыржан, Сұлтан Алдияр иеленді.

Сонымен қатар,сайысқа белсенділік танытып, қатысқан оқушылар алғыс хатпен марапатталды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!!





7 сәуір-Дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне орай, 1-5 сыныптар арасында шахмат ойынынан мектепішілік турнир өтті.

Турнирге барлығы 73 оқушы қатысып, өз бақтарын сынады.

Турнир нәтижесінде 

1 сынып ұлдар арасында

1 орынды қанжығасына алған Чайка Данир, 2 орынды иеленген Чайка Радмир және

Айдарұлы Шерхан мен Амирбек Рустем 3 орынды иеленді.

1  сынып қыздар арасында Теппева Тамила 1 орын жеңімпазы атанды. Игісін Айғаным 2 орынды иеленсе,Жеңісбек Айым мен Тастыбай Асылай 3 орын иегері атанды.

2 сынып ұлдар арасында 1 орын жеңімпазы атанған Айдархан Диас, 2 орын иегері Мұхитдин Әбдіқайыр атанды. Ал, 3 орын иесі Өмірзақ Нұрдаулет болды.

2 сынып қыздар арасында Жеңісбекқызы Балауса 1 орын жеңімпазы атанса, Серік Индира 2 орын,Таникеева Алтынай 3 орын иегері атанды.

3 сынып ұлдар арасында Қылыш Алинұр 1 орын жеңімпазы атанды.2 орын иегері Сабыр Ильяс атанып, Қайрат Жанасыл 3 орынды иеленді. 

5 сынып ұлдар арасында 1 орынды Мейіржан Алинұр жеңіп алды, Серік Нұрдаулет 2 орын иегері атанса, Нұртас Асылбек 3 орын иесі атанды.

3-5 сынып қыздар арасында

1 орын жеңімпазы Қырықбай Жасмин атанса, 2 орынды

Абдусалық Ақнұр иеленді,3 орында бой көрсеткен Ыдырыс Айша және Ермекқызы Назым болды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!!!


Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орнын ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында 14-18 наурыз аралығында "Наурыз - берекем, Наурыз – мерекем" атты мерекеге арналған бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды!



14 наурыз «Бірліктің белгісі, татулықтың таңбасы» 

Көрісу күні

Шаттық пен қуанышқа, ақ бата мен молшылыққа толы бұл мерекеде мәре-сәре болған мектеп мұғалімдері ата-аналарды, оқушыларды ыстық лебізімен қарсы алды... Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамының мерейлі бастауы ретінде тойланатын бұл мереке Әшірбай Аружан мен Қағазбай Зеренің «Алғыс» ән шашумен басталды. 1-4 сынып оқушыларының бірінші сабақтары қызықты,әрі көңілді амандасу түрлерімен басталды. Бұл күн бірліктің белгісі, татулықтың таңбасы! Бұл күні өкпе-реніштеріңіз болса кешіріп, араздықты ұмытып, әрбір жанға амандық-саулық, құт-береке тілеп, Жаңа жылды ақ пейілмен бастаңыз! Ал, 5-9 сынып оқушылары сабақты шаттық шеңберімен жағымды тілектерімен бастады. 

15 наурыз «Жаңа күннің бастауы»

Тазару күні

«Тазару күні» жаңа күннің бастауы болып келетіндіктен 1-5 сынып оқушылары сынып кабинеттерін тазалап, парталарды сүртіп, гүл отырғызды. Махаббат пен сүйіспеншілікті дәлелдегің келсе алдымен қоршаған ортаңа мән бер демекші оқушыларда белсене қатысып, көңілді уақыт өткізді. Іс-шараның мақсаты: Қоршаған ортаны таза ұстау, еңбекқорлыққа тәрбиелеу болып табылады.





16 Наурыз -Тарихқа тағзым күні 

Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра дей отырып, бүгін «Келешек» ансамблі мектеп ұстаздарын, оқушыларын «Келіншек» күйімен қарсы алды. Әрі қарай Даулеткерей Шығайұлының «Қос алқы», «Балбыраун» күйі орындалып, тамаша көңіл-күй сыйлады. Құлақтан кіріп бойды алар, жақсы ән мен тәтті күй демекші, вокал үйірмесінің оқушылары Қозайыр Ақерке, Әмірқожа Адина, Орынбасар Кәусар, Рашидқызы Фатима «Наурыз» әнін тарту етті. 7 «А» сынып оқушылары Шора Айшагүл мен Аликеева Фатима «Мерекем» әні және  2 «Б» сынып оқушысы Орынбасар Аяру «Анажаным» әнін шырқады.


16 наурыз «Тарихқа тағзым күні»

Қазақ халқы тарихы терең халықпыз!

"Ең әдемі киім - ұлтыңның киімі" деген ұлы адамдар.Қазақ халқының киімінің көркем үлгілері әлемнің этнографиялық мұражайлары мен көрмелерінен орын алған. Қазақы киімнің сымбаты мен ою-өрнегінде, әрбір әшекейінде халқымыздың тарихының, ой дүниесінің қайталанбас көрінісі бар. Ол біздің ұлттық мәдениетіміз. Ұлттық киімімізді құрметтеу мақсатында мектеп-лицей ұстаздары мен оқушылары арнайы dress код: ұлттық киіммен келу ұйымдастырылды.




«Үздіктер марапаты»

Жетістікке жеткен оқушылар марапатталды. Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мерекесіне орай, 2021-2022 оқу жылы ішінде жоғары жетістікке жеткен жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болған облыстық, республикалық деңгейдегі интеллектуалды ойындардан, пән олимпиадасы, ғылыми жобаларда жетістікке жеткен, өнер мен білімді қатар алып жүрген белсенді 27 оқушы директордың арнайы алғыс хатымен марапатталды. Сонымен қатар, сарқылмас рухани қазынамыз кітап болғандықтан, энцклопедиялар және көркем әдебиеттер тарту етілді.




22 наурыз «Ұлыстың ұлы » күні мерекесіне орай, ұйымдастырылған «Атажұрт» географиялық зияткерлік сайысында 8 сынып оқушылары география пәнінен бақтарын сынады. Дода шарты бойынша оқушылар туған өлкенің көркем жерлерін бейне үзінділерден тауып, жер су атауларын табу үшін логикалық тапсырмаларды орындап, ой ұшқырлықтарын танытты. Дода барысында 2 топ жарысқа түсті. І жүлделі орынды «Компас» тобы, ІІ орынды «Глобус» тобы жеңіп алды.


Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мерекесіне орай 9 сынып оқушылары арасында «Атажұрт» интеллектуалдық – тарихи тақырыбында сайыс өткізілді. 

Сынып екі топқа бөлініп,  сайыс «Болашақ» және «Талапкер» топтары арасында жүргізілді .

Сайыс 5 кезеңнен тұрды. 

1 кезең тарихи сұрақтардан лездеме

2 кезең «Математикалық хронология» топпен жұмыс

3 кезең «Тұлғаны таны» топпен жұмыс

4 кезең «Стоп кадр» топпен жұмыс

5 кезең «Ғажайып алаңы» кестесі бойынша сұрақтар

Аталған кезеңдер бойынша топтар арасында «Болашақ» тобы жеңіске жетті. 

Осы топтарда Елеусінов Нұрбол мен Медетбек Ұлжан өзгелерден ерекше белсінділікпен білім деңгейлерін көрсете білді.


«Шымырлық пен шеберлік күні»

Ұлттық ойындар – халқымыздың өмірімен бірге дамып келе жатқан  мәдени жетістіктерінің маңызды бір саласы.Олар – ата бабамыздан бізге жеткен асыл қазынамыз. Бұл ойындарды ежелде ата-бабаларымыз тойларда, жиындарда, үлкен мерекелерде ойнаған. Ұлттық ойындар осылайша атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып отырған және халықтың дәстүрлі шаруашылық, мәдени, өнер тіршілігінің жиынтық бейнесінің көрінісі де болған. Наурыз мерекесіне орай, ұйымдастырылған шымырлық пен шеберлік күнінде 1-сынып оқушылары арасында «Ұлттық ойын-ұлт қазынасы»  үштабан ойыны өткізілді.Нәтижесінде үздік ойын көрсетіп I орын жеңімпазы атанған 1 «Ә» сыныбы болса,1 «Б» сыныбы II орыннан бәйге алды. Ал, 1 «Г» сыныбы III орынды иеленді. Бұл күн барлық сыныптар үшін өте қызықты әрі тартысты күн болды. Ал, 2-сынып оқушылары арасында асық ату ойынының үш табан түрінен сайыс өтті. Сайыс нәтижесінде 2 «А» сынып оқушылары алға шықты. 2 «Ә» сынып оқушылары II орынды, 2 «Б» сынып оқушылары III орынды қанжығасына алды. 



Спортшыдан үлкен ептілікті, күштілікті, төзімділік пен батылдықты талап ететін ұлттық спорттың бір түрі – аударыспақ ойынынан  3 сынып оқушылары арасында «Ұрпаққа аманат» сайысы өтті. Сайыс нәтижесінде, 3 «Ә» сынып оқушылары I орынды жеңімпазы атанды. Ал,  II орын иеленген 3 «А» сынып оқушылары  болды. Сонымен қатар,  4 сынып оқушылары арасында тауық күрес сайысы өтілді. Ойынның басқаша күрестен айырмасы күресушілер тек жалғыз аяғымен ақсаңдай жүріп күреседі және бір қолдарын қалталарына салып жүреді олар, иықтарымен қағысады, итеріседі, бұл адамның нық басып, тепе-теңдікті сақтап, орнықты жүруге жаттықтырады. Тартысты сайыстан алға оза шыққан 4 «В» сынып оқушылары I орын жеңімпазы атанды. II орын 4 «А» сынып оқушылары болса, 4 «Ә» сыныбы III орынды иеленді. Ал, 5 сынып оқушылары арасында қол күрестен «Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады» атты сайыс өтті. I орын жеңімпазы болып 5 «Ә» сынып оқушылары алға шықты. II орын иеленген  5 «А» сыныбы атанды. 




Қазақтың ұлттық ойындары – бабаларымыздан қалған асыл қазына. Сол себепті, ойын әр баланың алдынан өмірдің жарқын сәттерін ашып, жеке қасиеттерімен біте қайнасып, әрі қарай дамуымен ұштасады.  Сондай-ақ бұл халқымыздың ерлік-жауынгер-лік тарихын, ерліктің өшпес үлгісін қалдырған қас батыр¬лардың өмір-өнегесімен та¬ныс-тыруға, өз жерін, өз елін қорғай алатын елжанды, ұлт¬тық намысы мол жігерлі қрпақты тәрбиелеуге жол ашады.Осы тұста наурыз мерекесіне орай 6-7 сыныптар арасында «Күш атасын танымас» атты арқан тартыс және қол күрес ойындарынан сайыс өтті. Балалар үшін өте қызықты болған бұл сайыстың нәтижесінде I орын жеңімпазы болып 7 «А» сынып оқушылары атанды. 7 «Ә» сыныбы II орынды иеленсе, III орынды иегері  6 «Ә» сыныбы атанды.


Ұлттық ойындар – ерте заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын-сауықтардың бір түрі. Оның бастауы тым тереңде, ға¬сырлар қойнауында жатыр. Осы ойындар негізінде әр халық әртүрлі жаттығулар жасау жолымен дене- шынықтыру ісінің негізін салды. Бүгін шымырлық пен шеберлік күнінде 8-9 сынып оқушылары арасында садақ ату, тауық күрес секілді ұлттық ойындардан сайыс өткізілді. «Сен тұр, мен атайын!» садақ ату сайысында 8 «А» сынып оқушысы  Әбден Темірлан I орын жеңімпазы атанды. II орын жүлдегері 9 «А» сынып оқушысы Меліс Аида болса, III орын иегері 8 «А» сынып оқушысы Туленов Бақытжан болды. Сондай-ақ, сайыс тауық күрес ойынымен жалғасты. Сайыс қортындысы бойынша жеңімпаз болып 9 «А» сынып оқушысы Асылқадір Арыстан алға шықты.  8 «А» сынып оқушылары Ахан Бақдаулет II орын, Әбден Темірлан III орын жүлдегері атанды. 



Наурыз мерекесі қарсаңында  "Бауырсақ Party" ұйымдастырылды! Мектеп-лицейдің ата-аналарына нан атасы бауырсақтан дәм татқызу арқылы ата-ана мен оқушылардың ұстаздармен ара-қатынасы жақындай түсті. Ыстық бауырсақтан дәм ауыз тиген ата-аналар жағымды тілектерін айтты. Сонымен қатар, сыныптар арасында «Ұлыстың ұлы күні» тақырыбында сынып сағаттары  өткізілді. Ата-аналар  балаларының оқу-жетістіктерімен танысты. Мектеп әкімшілігі ата-аналар мен оқушыларды құттықтап, «Наурыз берекем, Наурыз-мерекем!» апталығында  белсенділік танытқан сыныптарды арнайы алғыс хаттармен марапаттады!



Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесіне орай, халқымыздың тамаша жоралғылары мен дәстүрлерін дәріптеу мақсатында мектеп-лицей ұстаздары арасында "Қош келдің, әз Наурыз!" байқауы өткізілді. 

Шараның басты мақсаты: Ұлттық құндылықтарды жаңғырта отырып, ұжымдық атмосфераны қалыптастыру.

Төрт кезеңнен тұратын тартысты сайыста төрт топ өз өнерін сынға салды. Сайыс нәтижесінде жас мамандар бірлесітігінен құралған "Жетісу" тобы оза шауып бас жүлде жеңімпазы атанды. | орынға ерекше ұлттық стилімен көзге түскен қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі, ағылшын тілі пән мұғалімдерінен құралған "Келешек" тобы ие болды. Ал, бастауыш сынып бірлестігінен құралған өнерпаз "Отырар" тобы || орынды қанжығасына алса, ||| орын иегері болып физика,математика, информатика, көркем еңбек, пән мұғалімдерінен құралған "Әулие-ата" тобы атанды. 

Сонымен қатар, өз өнерімен көзге түскен ұстаздар наурыз сыйымен марапатталды.