Нұрсултан қаласында су добынан 2010 жылы туылған жасөспірім ұлдар арасында Қазақстан Республикасының чемпионатында топ жарып III орын жеңімпазы атанған 6 "Ә" сынып оқушысы Аманбеков Абылай Нұрболұлын жеңісімен құттықтаймыз!
«1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне» орай ұйымдастырылған халық арасында бұқаралық-спорттық жарыстарда тоғызқұмалақ спорт түрінен I орын жеңімпазы атанған.
Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясының ұйымдастыруымен Кеңес одағының батыры, жазушы Бауыржан Момышұлының 111 жылдығына орай оқушылар арасында өткен мектепаралық жекелей жарысында II орын иеленген.
Тоғызқұмалақтан Жамбыл облысының жасөспірімдер арасындағы жекелей чемпионатында блиц түрінен III орын иеленген.
Жарайсың Аруна! Жеңісіңмен құттықтаймыз!
Грэплинг жүлдегері Амангельды Нұрислам - Грэплинг және греплинг и UWW-дан Жамбыл облысының чемпионатында 2013-2014 ж.ж 26 келі салмақта III орын жүлдегері атанды.
1 - мамыр бірлік күніне орай, AIGA «Жамбыл облысының кубогы» ашық турнирінде III орынды иеленді.
Тоғызқұмалақтан Жамбыл облысының кіші жасөспірімдер арасындағы жекелей чемпионатында классика мен рапид түрінен және ерлер мен әйелдер арасындағы командалық чемпионатында III орын иеленген 3 «А» сынып оқушысы Мұхаммеджан Даниял Шалқарұлын жеңісімен құттықтаймыз!
Еркін күрестен «9-мамыр Жеңіс күніне» арналған жасөспірімдер арасында №5 ОМБЖСМ КММ-нің біріншілігінде 26 келі салмақ дәрежесінде I орын жеңімпазы атанған Бауыржан Алинұрды жеңісімен құттықтаймыз!
VII ашық Республикалық балалар бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер байқауының "Өркен" балалар бейнелеу өнер шығармашылық байқауында 4 "А" сынып оқушылары Мырзахан Дария және Сырлыбай Бейбарыс "Ғасырларға саяхат" номинациясымен және 7 "А" сынып оқушылары Алғабек Балауса "Графика" номинациясымен Даутова Алия "Менің таңғажайып әлемім" номинациясымен марапатталды.
🔰Жетекшісі: Жамашева Жарқынай Амантаевна
1 - мамыр бірлік күніне орай, AIGA «Жамбыл облысының кубогы» атты ашық турнирінде грэпплингтен 2008-2007 ж.ж 47 келі салмақта II орын алған Сейдәлі Нұрханды жеңісімен құттықтаймыз!
"INTELLECTUAL" Республикалық шығармашылық білім беру орталығының ұйымдастыруымен өткен "Қысқы демалыс" атты республикалық суреттер, фотосуреттер, қолөнерлер және ашықхаттар байқауында
2"Б" сынып оқушысы Орынбасар Айару, 3"Ә" сынып оқушысы Сырлыбай Бибарыс, 4"Ә" сынып оқушысы Мырзахан Дария
6"Ә" сынып оқушысы Даутова Алия, 7"А" сынып оқушысы
Алғабек Балауса І орын иегерлері атанды.Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!!!
II Республикалық «UZDIKTER ALEMI» байқауына мектеп-лицейден 7 оқушы қатысып, жас ерекшеліктері бойынша жеке орындаушылар арасында өнер көрсетіп бақ сынасты. Нәтижесінде, «Аспапта орындаушылық » номинациясы бойынша 9 «А» сынып оқушысы Серік Бибарыс, 8 «А» сынып оқушысы Жанасылұлы Нұрасыл, 2 «Г» сынып оқушысы Алиасқар Нарминия бас жүлде иеленді! Барша жеңімпаздарды құттықтаймыз!
Сонымен қатар, 4 «А» сынып оқушысы Бахытов Бауыржан, 3 «А» сынып оқушысы Қылыш Алинұр I орынға ие болса, II орынмен марапатталған 4 «А» сынып оқушысы Жорақұл Азамат пен 3 «А» сынып оқушысы Ереғұл Ерасыл.
Жетекшісі: Аруанов Жалғас Әлмаханұлы
Қазақстан Республикасының көгалдағы хоккей федерациясының ұйымдастыруымен индрохоккейден жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында "Жамбыл облысы" құрама командасында
9 «А» сынып оқушысы Торениязов Сабит ойын көрсетіп III орын жеңімпазы атанды. Жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!!!